Заңдылықтағы өзгерістер түсіндірілді

(0 Votes)

Абай атындағы жалпы орта мектепте Білім қызметкерлері кәсіподақтарының аудандық комитетінің ұйымдастыруымен семинар өтті.

Оған Еңбек инспекция басқармасының бас маманы Сырбай Жанесенов, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлы, заңгер Юлия Айбусынова, ауданымыздың мектеп директорлары, кәсіподақ, келісу комиссиясының төрағалары мен төрайымдары, еңбекті қорғау техникалық инспекторлары қатысты.

Аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Еділ Баяров облыстан келген қонақтармен таныстырып, семинардың мақсаты мен мәніне тоқталып, сәттілік тіледі. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлы ҚР еңбек кодексінің нормативтік-құқықтық актілері мен өзгерістеріне, білім беру ұйымдарындағы келісу комиссиясының жұмысына түсінік берілетінін қаперлеп, «Педагог мәртебесі туралы» Заңының жобасы туралы хабардар етті.

А.Шакупова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521