Нағыз жігіт қана кадетте оқиды

(0 Votes)

Ақкөл орта мектебінде ер балалардың әскери қызметке қызығушылығын оятатындай тағылымды шара өткізілді.

Осы білім ордасының түлегі, бүгінде ҚР Қорғаныс министрлігінің Ш.Уалиханов атындағы Кадет корпусында оқып жатқан Ғасырбек Қабілетұлы қысқы демалысын пайдаланып жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Айта кету керек, кадет корпусы Орта Азиядағы теңдесі жоқ оқу орны. Басты міндеті – қарулы күштердің білімі мен білігі жоғары сержанттар құрамын дайындайды. Онда оқуға ниет білдірген жас жігіттер үш кезең бойынша зерделеу сынақтарынан өткеннен кейін қабылданады. Жас жігіттер медициналық, дене тәрбиесі және психологиялық көрсеткіштері бойынша іріктелініп, олардың жалпы білімінің мемлекеттік сертификаттағы баллдары негізінде оқуға қабыл¬данды. Сержант ертеңгі күні бір взвод жауынгерге үлгі көрсететін, соларға үлгі болатын әскери қызметші. Сондықтан Кадет корпусына сержанттарды дайындауда қатаң талаптар қойылады. Бұл туралы шара қонағы Ғасырбек ізбасар інілеріне түсіндіріп айтып берді. – Оқудың көп қиындығы жоқ, ең бастысы шыныққан шымыр болуың керек. Әскери машықтанудың барлық түрлерінен өтеміз. Теориялық сабақтар іс жүзінде көрсетіледі, қару-жарақтың барлық түрінен ата білуді, оларды бұзып, қайта жинауды, техникаларды жүргізуді үйретеді. Оқу үлгерімі нашарлар, тәртіп бұзғандар лезде шығарылады. Мұнда қосымша мамандықтар алып шығуға болады. Барлық жағынан мемлекеттің қамтамасыз етуінде боласыз, - деген ол қойылған басқа да сұрақтарға жауап берді.

Келесі кезекте сөз алған аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жауапты қызметкері Асланбек Шарипов Ғасырбектен басқа мұнда Әуезов атындағы мектептің түлегі Жандос Мұхамбетов оқитынын айтты. Оның шағын хабарынан мәлім болғанымыз алдыңғы жылдары да ауданымыздан бұл оқу орнына барып, тәмамдап шыққандар көп екен. Ниет білдіргендер қорғаныс бөліміне жолықса, оқуға түсудің еш қиындығы жоқ, қажетті құжатты жинақтауға, спорттық нормативтерді орындауға, тестке дайындалуға көмектесуге болатындығын жеткізді.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521