Ұлтты ойлайтын ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы басты міндет

(0 Votes)

Жастарымызға басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Қазақстанның әлемдік үрдістерге кіруі, дамыған елдердің стандарттарына ұмтылысы білім беру жүйесінің жаңа сапалы деңгейге өтуі қажеттігін арттыруда.

Осыған орай қазіргі кезде бұл салада жасалып жатқан реформалар барлық деңгейлердегі білім мазмұнын жаңартуға бағытталған. Бүгінгі күні сапалы білім беруге мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалып отыр.

Аудан бойынша білім беру мекемелерінде жаңашыл жұмыстарды жүргізу мақсатында аудан әкімдігімен бірлескен ашық алаң, жаңартылған білім беру мазмұны аясында семинар –тренингтер, облыстық деңгейдегі шаралар , «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық,облыстық танымдық жұмыстар өткізіліп келеді. Білім беру жүйесінің деңгейін жоғарылату, білім сапасын жақсарту бағытында жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша пән мұғалімдеріне біліктілік арттыру курсынан толықтай өтуге жағдай жасалуда. Сонымен қатар, білім саласын қаржыландыру деңгейі соңғы жылдармен салыстырғанда өсіп келеді. Білім беру ұйымдарына 2017 жылы 452200,0 мың, 2018 оқу жылы 288003,2 мың теңге қаржы бөлініп, жалпы білім беретін мектептердің материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Жаңа 2018-2019 оқу жылында ағымдағы жөндеуге мектептерге 92 275,0 мың, балабақшаларға 2 666,0 мың, қосымша білім беру ұйымдарына 221,0 мың, барлығы 12 114,5 мың теңге қаражат бөлініп, жүйелі жұмыстар жүргізілді. Биылғы жылы 3 мектепке, 1 мектеп жанындағы жатақханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталу нысанын ұйымдастыру жүргізілуде.

Ауданда апаттық мектептерді жою мақсатында облыстық құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша 283 600,0 мың теңге қаржыға 80 орындық Лабай жалпы орта мектебінің құрылысымен Атырау ЖБИ ЖШС-і, 666 300,0 мың теңге қаржыға 300 орындық Гагарин орта мектебі, 422 000,0 мың теңге қаржыға 80 орындық Нәжімеденов негізгі мектебінің ғимараттарын «Бек иКо» ЖШС-і салуда. 433 000,0 мың теңге қаржыға 80 орындық Уалиханов негізгі мектебінің құрылысы да жүргізілуде. Лабай, Гагарин атындағы жалпы орта мектептері 2018 жылдың 1 қыркүйегінде пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Аталған мектептердің құрылысы аяқталған мезгілде аудан бойынша апатты мектептер толығымен жойылады.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеуге тоқталсақ, аудан көлемінде есепте 0-7 жастағы 9138 бала бар. 2017-2018 оқу жылында 22 мектепке дейінгі мекемеде 1822 бүлдіршінге мектепке дейінгі білім мен тәрбие берілді. Балабақша жоқ елді мекендердегі 25 мектептің жанынан 44 топ ашылып, 669 бүлдіршін шағын орталықта білім алуда. 33 мектепте 5 жастағы 1108 оқушы мектепалды даярлық тобымен қамтылып отыр. Мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің сапасын жақсартудың ең негізгі мақсаты тәрбие мен оқытуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады. Аудан бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 2017 жылы 50,4 пайыз болса, 2018 жылы 55,2 пайыз құрап, 4,8-ға өсті. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 2017 жылы 87,4 пайыз болса, 2018 жылы 96,0 пайызға жетіп, 8,6%-ға артық орындалды. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткішінің өсуі жаңадан ашылған «Нұршуақ» бөбекжай балабақшасына қабылданған 190 бала есебінен көбейді.

2017-2018 оқу жылында ауданымызда 33 жалпы білім беретін мектеп: 26 орта, 4 негізгі, 3 бастауыш мектеп, 22 балабақша, 5 қосымша білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Оларда 1245 мұғалім қызмет атқарады. Оның 225-і жоғары, 430-ы бірінші санатты, яғни ол барлық мұғалімнің 52,6 пайызын құрайды. Педагогикалық оқу орындарын бітіруші 22 жас маман 20 мектеп пен 1 мектептен тыс мекемеге және 1 балабақшаға жұмысқа орналастырылды. Жоғарыда аталған оқу жылының қорытындысы бойынша 1-4 сыныптарда 4330, 5-9 сыныптарда 4099, 10-11 сыныптарда 1147, барлығы 9576 оқушы білім алды. Оқу озаттары 1-11 сыныптарда 1470, оқу екпінділері 3526 оқушы болды. Жыл қорытындысымен аудан бойынша білім сапасы 52,2 пайызды құрады. Аудан мектептерінде жеке пәндерді тереңдетіп оқыту бойынша 9 мектепте 20 сыныпта 379 оқушы оқиды, жыл қорытындысы бойынша сапа көрсеткіші – 64,6% болды. Аталған оқу жылында 4 қосымша білім беру ұйымы жұмыс жасап,барлығы 1563 оқушы білім алды. 2017-2018 оқу жылында аудан мектептерінде 9576 оқушы болса, оның 1563-і немесе 16,2%-ы қосымша біліммен қамтылған. Бұл көрсеткіш өткен оқу жылымен салыстырғанда 2,4 пайызға артты. Сонымен қатар аудандық жас туристер бекетінде туризм бағыты бойынша жаяу жорық, спорттық бағдарлама үйірмесі, өлкетану бөлімдеріне 465 оқушы тартылып, 25 педаогог жұмыс жүргізіп келеді. 2016-2017 оқу жылында жұмыс бастаған аудандық жас туристер бекеті жыл ішіндегі аз ғана уақытта аудандық, облыстық, аймақтық шараларға қатысты. Нәтижесінде «Менің Отаным – Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының облыстық слетіне Құрманғазы ауданының «Атамекен» атты командасы қатысып, жүлделі І орын иеленіп, республикалық слетке жолдама алды. Жасөспірімдердің спорттық үйірмелерге қатысын жақсарту мақсатында 2018 жылдың 14 наурызы күні аудан әкімінің №81 санды қаулысымен «Балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлық клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, жаңа оқу жылынан бастап аудан мектептерінен 800 баланы қосымша біліммен қамту жоспарлануда.

2017-2018 оқу жылында 11 сыныпты бітірген 571 оқушы мектептен қорытынды аттестаттауға қатысты. Қорытынды аттестаттау нәтижесімен 11 сынып бітіруші 17 оқушы «Алтын белгі», 8 оқушы «Үздік аттестатқа» ие болды. 330 мектеп бітіруші немесе мектеп бітірушілердің 57,0 (+8,8) пайызы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып 199-ы немесе 60,0 пайызы 50-100 аралығында ұпай жинады. Аудан бойынша 100-ден жоғары ұпай жинаған 7 оқушының үлесі 2,0% болды. Гоголь атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Салахеденов Махмуд (115 балл), Шортанбай жалпы орта мектебінің оқушысы Мирманова Нұрайна (119 балл) ең жоғары ұпайға қол жеткізді. 2018 жылғы мемлекеттік грант иегерлерінің саны 38 болып, 2016-2017 оқу жылының қорытындысымен салыстырғанда 13-ке артты.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6 бабына сәйкес оқушыларды ыстық тамақпен қамту соңғы жылдары елеулі дәрежеде жақсарды. Мұның өзі балалардың денсаулығын сақтаудағы елеулі қамқорлықтың бірі. Аудандық білім бөліміне қарасты 1 мектеп интернат, 32 орта мектеп бар. 2017-2018 оқу жылында аудан бойынша жалпы білім беретін 32 мектеп асхана жүйесімен қамтылған. Оның 22-сі типтік үлгідегі, 10 мектептегісі ыңғайластырылған асханалар. Білім беру мекемелерінде интернет ресурс арқылы білім алушыларға ыстық тамақ беруді ұйымдастыру мақсатында көрсетілетін қызмет берушіні таңдау конкурсы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №717 бұйрығына сай өткізіліп, анықталған жеңімпаз жеке кәсіпкерлермен келісім шарт жасақталды. Мектептердің 28-інің асханасын 7 жеке кәсіпкер жалға алып, білім алушыларға ыстық тамақ ұйымдастырып отырса, ал 4 мектепте мектеп директорларының өздері аспаздар арқылы оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтыды. Нәтижесінде 32 мектептегі барлығы 9606 оқушыға ыстық тамақ ұйымдастырылып отыр.

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша ата-аналардың өтінішіне сәйкес мектеп орналасқан жерден 3 шақырым қашық 29 елді мекеннен қатысып оқитын 711 оқушыға (2016 ж. 557 оқушыға) тегін тасымалдау қызметі көрсетілді. 2017 жылы шалғай елді мекендердегі оқушыларды тасымалмен қамту үшін Имашев, Сәрсенбаев, Ақкөл, Еңбекші жалпы орта мектептеріне жаңа автокөліктер берілді. 2018 жылы Гагарин, Алтынсарин, Гоголь атындағы жалпы орта мектептерінде ескірген 3 автобустың орнына жаңа автобустарға сұраныс беріліп, сатып алу жұмыстары жүргізілді. Құрманғазы аудандық білім бөлімі бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала саны 71. Оның ішінде 1-і мүгедек, 2-еуі дамуы шектеулі бала. Бөлім бойынша «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес 54 балаға ай сайын 24 050 теңгеден жәрдемақы төленіп отыр.Барлық балалар үй кезегіне қойылып, 2016 жылы 1, 2017 жылы 2 бала үймен қамтамасыз етілді.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында білім беру ұйымдары әр оқу жылы сайын жаңа талаппен, ерекше қарқынмен тың ойларға бет бұрады. Мәселен, отбасындағы рухани – адамгершілік, ұлттық тәрбие беру бағдарламасының негізгі мақсатына сәйкес ата-баба дәстүрін насихаттау, ұрпақ бойына ұлттық менталитетті сіңіру, ата-аналардың белсенділігін арттыру, оларды мектеп өміріне тарту мақсатында және 2018 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсан аралығында «Ұлтыңды ойласаң – рухты ұл тәрбиеле» жобасы аясында облыстық 2 семинар, облыстық әкелер слеті өткізіліп, білім бөлімімен аудан мектептерінің бірлескен жұмыстарының нәтижесі облыс көлемінде үлгілі деп танылып, марапатталды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бағыты бойынша Б.Бегалиев жалпы орта мектебінің жанында құрылған «Нұршуақ» жасөспірімдер театрындағы нәтижелі жұмыстар – жаңашыл үні бар, өз елінің дәстүрін, тілін, дінін қасиет тұтқан жастардың бірлесе атқарған, ынтымақтасқан шығармашыл жұмыстарының оң нәтижесі. Киелі сахна төрінде тәрбиеленген шәкірт болмысы әрқашан биіктікке ұмтылары анық. Облыстық «Театрдың ғажайып әлемі» фестиваліне «Нұршуақ» театрының мүшелері заңғар жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Бір шөкім бұлт» шығармасынан дайындалған қойылыммен қатынасып, «Бас жүлде» иеленіп, қараша айында Өскемен қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алуы – өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа баулудың көрінісі. Елбасымыздың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Абай атындағы жалпы орта мекепте ІТ сынып ашу жоспарланып, онда 6-8 жас аралығындағы балалар бағдарламалау және робототехника негіздері бойынша оқытуға әзірлік жұмыстары жүргізілуде. 2018-2019 оқу жылында 7-11 сыныптарға «Бағдарламалау және робототехника негіздерін» және жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту үшін аудан бойынша 28 мұғалім біліктілік курстарынан өтті. ІТ сыныптар санын көбейту мақсатында оларды Әуезов, Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектептерінде ашу жоспарлануда.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы негізінде тұрғындарды компьютерлік дағды, электрондық үкімет, ашық үкімет порталы бойынша аудандық әкімшілік бастамасымен білім беру мекемелері бірлескен түрде оқыту курстарын ұйымдастырып, аудан бойынша 4666 тұрғын курстан өтті. Аудан әкімдігінің «2018 жылға арналған жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан бойынша жазғы маусымда олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында жалпы орта білім беретін мектептердің жанынан 2018 жылы 33 мектептен тамақпен қамтылған лагерьге 1980, тамақсыз лагерьге 2050, бейіндік лагерьге 1150, дебаттық, тілдік лагерьге 470, шатырлық лагерьге 200, көгалдандыру тобына 1570, құрылыс жөндеу тобына 550, мәдени-тарихи орындарға 20, жас шабақ құтқарушыға 60, «Жас Ұлан» ББЖҰҚБ бастауыш ұйымдарының жазғы мектептеріне 550, орман шаруашылығына 100 бала қамтылды. Биылғы жылы «Тұлпар» лагеріне 80 оқушы, 5 жетекші, Железноводск қаласындағы «Қазақстан геологы» емдеу пансионатына 88 оқушы, 6 жетекші, Италия еліндегі «Чезенатико» тынығу лагерінде тұл жетім 2 оқушы, «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығына әлеуметтік осал топ оқушыларынан шілде айында 15 оқушы және «Балдәурен-Қапшағай» оқу сауықтыру орталығына үздік мектеп көшбасшыларынан шілде айында 7 оқушы демалып келді. Ауданымыздың жеке кәсіпкерлері В.Махмудова Алматы қаласындағы «Горное солнце» лагеріне 2 және жеке кәсіпкер А.Ниғметова Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданындағы «Орбита» лагеріне 2 тұл жетім оқушыға жолдама алып беріп, демеушілік көрсетті. Ел болашағы – ертеңгі ұрпақтың қолында екендігін насихаттау, оқушыларымызға бәсекеге қабілетті білім беру жолында тың жаңалықтар мен ізденіске толы игі істер атқарыла берері сөзсіз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521