«Адалдық жүрген жерде – адамдық жүреді»

(3 Votes)

Қазіргі уақытта Қазақстанда дәйекті және тегеурінді түрде жемқорлыққа қарсы күрестің пәрменділігін арттыруға бағытталған кешенді шаралардың жүзеге асырылып келе жатқанын атап айтқан жөн.

Осы бағытта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі қоғамда қауіпті індетке қарсы қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін халықтың әрбір буынына арналған тиісінше жобалар жасақтап, әртүрлі шаралар жүргізіп келеді. Соның ішінде өскелең ұрпақтың арасында қауіпті кеселдің алдын алу жұмыстары аса маңызды рөл атқарады. Осыған орай, республика бойынша барлық білім ордаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында бірыңғай «Адалдық сағаты» өткізілді.

img_3046

Мақсаты- өскелең жас ұрпақтың өн бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру. Абай атындағы жалпы орта мектебінде жоғары сынып оқушыларымен өткен ашық сабақтарда мұғалімдер қазақтың бойында бағзыдан қалыптасқан адалдық пен әділдік құндылықтарының қасиетін атап өтіп, тағылымға толы тарих беттеріндегі әділдікті ту еткен кемеңгерлердің туралығына тоқталды. Елбасы биылғы жылды«Жастар жылы» деп жариялап, ел жастарына зор сенім білдіргендігін, Қазақстанның жарқын болашағы – бүгінгі жас буынның қолында екендігін жеткізді.

img_3048

«Адалдық сағатында» білім алушыларға арнайы әзірленген бейнероликті көрсету арқылы адалдық – парасаттылықтың ең биік шыңы, әрі адам бойындағы ең асыл қасиет екендігі жіті түсіндірілді. Шараға мектеп директоры Тілекші Медеуғалиева, директордың тәрбие және оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагог және психологпен бірге Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақтары аудандық ұйымының төрағасы Әуез Ізжанов, Құрманғазы ауылдық округі әкімінің орынбасары Мерей Әжігереев, БАҚ өкілдері қатысып, адалдық туралы пікірлерімен бөлісті. Мектеп мұғалімдері Бибігүл Баймұрзаева, Ғалия Жағыпарова, Нұргүл Аққалиева «Лайықты сөз, лайықты себеп, лайықты адам», «Адалдық сабағы», «Парасаттылық, адамгершілік» тақырыптарында түсінік жұмыстарын жүргізіп, оқушылар жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділікті қалыптастыру жөнінде ойларын ортаға салды. Әділдік пен сенім туралы өмірде орын алған жағдайларға байланысты бейнероликтер көрсетілді.«Адалдық жүрген жерде – адамдық жүреді» деген тақырыпта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Маржан Мирасова ашық сабақ өткізіп, адал еңбекті, ара қатынасты өмірлік ұстаным ретінде дәріптеген Абай мен Шәкәрімнің даналық сөздерін тілге тиек етті. Оған белсенді азамат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Абдуррахман Муса, мектеп директоры Тілекші Медеуғалиева, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Анар Хашуова қатысты.

img_3060

Айта кетейік, 2018 жылы жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубы құрылған болатын. Олар бүгінде өз жұмысын белсенділікпен атқаруда.

53232132

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521