Ақылды технологияға ауыл да жүгінеді

(0 Votes)

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында қазіргі кезеңдегі өте маңызды он саланы назарға берді.

Қазақстанның жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы үшін цифрлы технологияны жетік меңгеруі қажет. Мысалға, электронды қызмет көрсетуді жетілдірудегі негізгі мақсат – халыққа сапалы қызмет көрсету. Тұтынушы онлайн қызметті пайдалану арқылы уақытын үнемдейді. Бұл мақсатты әлі де болса халыққа цифрлы қызмет көрсетудің тетіктері жетік түсіндірілуі тиіс. Көпшілікке жаңа жүйелердің жетістіктерін күн сайын жедел насихаттап отыру өте маңызды. Ақпарат жеткілікті болса, әркім өзіне қажеттіні дер кезінде ала алады. Компьютер, смартфонның мүмкіндіктерін толық, тиімді пайдаланудың жолы ауқымды түсіндірілгені абзал.

Қазірдің өзінде интернеттің көмегімен теміржол, әуе билеттерін сатып алу, коммуналды төлемдерді, қаржы аударымдарын электронды түрде төлем жасау кеңінен қолданыста. Бұрынғыдай кезекте тұрып, билет алу үшін жаңаға бет бұрған жұрт вокзалға барып уақыт жоғалтпайды. Тұрғын үй алу үшін қажетті құжаттарды, оқуға, жұмысқа тұруға қажетті анықтамаларды Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ үйде, жұмыста отырып алуға және тиісті мекемеге онлайн тапсыруға мүмкіндіктер жасалды. Мұның барлығы халықтың күнделікті тіршілігіне өте қажет. Ең бас-тысы, қызмет көрсету сапасы артады. Цифрлы технология өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Қашықтықтан білім алу, электронды кітап оқу, емханаға бармай-ақ дәрігердің қабылдауына жазылу, қажетті тауарға үйден шықпай-ақ тапсырыс беру – цифрлы экономиканы дамытудың кілті.

Қазақстанда «ақылды» технологиялардың көмегімен агроөнеркәсіпті қарқынды дамытудың барлық мүмкіндігі бар. Қазір ауыл шаруашылығын өркендетуге, ауылды жерлердегі өмір сүру сапасын арттыруға, халыққа жан-жақты жағдай жасауға баса мән беріліп келеді. Мысалға айтсақ, жеке кәсібін ашып, ауыл шаруашылығы саласына тың технологияларды енгізіп, мол өнім аламын дегендерге мемлекет жан-жақты қолдау көрсетіп отыр. Кәсіпкерлер құжат жинап, өткізуде қағазбастылықтан арылды. Электронды жүйе арқылы шалғай аймақтардағы азаматтар облыс орталықтарына барып әуре болмайды. Алыс ауылда тұрса да, тапсырған құжаттары, жолдаған хаттары санаулы уақытта тиісті мекемеге жетеді. Бұл – ауыл тұрғындары үшін өте тиімді әрі қажет дүние.

Аграрлық саланы дамыту үшін жаңа технологияны жеріміздің табиғи жағдайына икемдеп, өзімізге қажеттісін қолданысқа енгізсек ұтылмасымыз анық. Себебі, ауыл шаруашылығы бәсекелестігі өте жоғары сала. Тиімді тәсіл, оңтайлы шешімді таба білгендердің өнімі артып, табысы молаяды. Сондай-ақ, жаңа технологияны пайдалану негізінде техниканы жаңарту арқылы адамға түсетін еңбек күшін азайтуға болады. Сөйтіп, еңбек өнімділігі артып, ауыл шаруашылығын өркендетудің жаңа сатысына көтеріле алады. Елбасы «Жаңа технологиялар мен бизнес-модельдерді енгізу, агроөнеркәсіп кешенінің ғылымға негізделуін арттыру шаруашылықтарды кооперациялау қажеттігін күшейтеді» деп тиімді әрі дамудың төте жолын ұсынды. Ауыл шаруашылығын қаржылай, материалдық қолдау тетігін жетілдіру әрдайым күн тәртібіндегі мәселе болмақ. Ауыл шаруашылығы экономиканың қозғаушы күші болғандықтан оны барынша өркендетіп, бәсекеге қабілеттілігін арттырсақ дамыған мемлекеттердің көшіне ілесе аламыз. Өндіріс үдерістерін сандық негізге көшіру арқылы индустрияландыруды өрістету басты мақсат. Жолдауда Елбасымыз белгілеп берген 10 бағыттың басым бөлігі осы жаңа технологияларға қатысты. Демек, жаңаны жатырқамай қолданысқа енгізіп, игілігін көргеніміз ләзім.

А.НӘЖІМОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521