Жылдағыдан өте төменбіз

Аудан тынысы

Аудан бойынша 6 айда бір келетін баспасөзге жазылу науқанында Құрманғазы ауданы 15 мың данадан кемітпей мерзімдік басылымдар алдыруға мүмкіндік жасап келді.

Қазіргі көрсеткішті айтудың өзі ұят-ақ. Ұят дейтініміз бұл мезгілде 2500 дана «Серперге» жаздыратын болсақ, қазіргі аудандық пошта торабы берген мәлімет бойынша 826 дана аудан айнасына жазылыппыз. Мерекелерде мүмкіндік болмаған шығар, енді округтер жұмыла кірісіп бұл көрсеткішті өсіреді, облыс берген 6500 дана «Серперге» жазылу болжамын орындап шығады деген сенімдеміз.

Редакция