Журналистер құқықтары мен міндеттерін айқындады

(0 Votes)

Журналистика - сапалы жұмысты, көп ізденісті талап ететін кәсіпке деген ерекше іңкәрілікті қалайтын мамандық.

Осыған орай, кәсіби біліктілікті арттыру курстары да жазу өнеріне ден қойған жандардың шығармашылық шеберліктерін дамытуға зор септігін тигізеді.

a

Күні кеше Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар Таратушылар Ассоциациясы Атырау қаласында ұйымдастырған "БАҚ туралы заңнама және журналистік қызмет" атты семинарынан салаға қатысты заң нормаларына енгізілген өзгерістерден хабардар болып, құқықтық мәдениетімізді жоғарылатуға мүмкіндік алдық. Оны Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар Таратушылар Ассоциациясының БАҚ-на қолдау көрсету орталығының заңгер көмекшісі Салтанат Қалдыбекова жүргізді. "АБК" кешенінің мәжіліс залында өткен семинарға облыстық телеарна мен қалалық және аудандық газеттің журналистері қатысты.

7

Оның барысында БАҚ туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер, баспасөз бетінде жарияланатын және эфирде көрсетілетін балалар тақырыбы, ақпарат түрлері мен мерзімдері сынды мәселелер талқыланды. Журналистердің сұраныстарына жауап неше күнде берілетіні, азаматтардың бейнесін қалай қолдануға болатыны, дербес және биометриялық деректер де қаперленді.

Соңында семинарды сәтті аяқтағаны үшін Қазақстан ҰТТА атқарушы директоры Шолпан Жақсыбаеваның атынан тыңдаушыларға сертификат тапсырылды.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521