Жолдауға байланысты түсінік берді

(0 Votes)

Аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен аудандық полиция бөлімінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауына байланысты жеке құрам қатысқан үлкен кездесу өтті.

Кездесуді аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Найзабек Құбашев ашып, Жолдауда ел дамуына, құқық қорғау органдары қызметін жетілдіре түсуге зор маңыз беріліп отырғанын айтып, хабарлама жасау үшін сөзді аудан прокурорының орынбасары Аянбек Сүйінәлиевке берді. Өз сөзінде аудан прокурорының орынбасары А. Сүйінәлиев:

img_5165

– Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттармен ақпарат көздері арқылы танысып жатырсыздар. Сол себепті мен құқық қорғау орындарына қатысты айтылған екінші «Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бағыты бойынша түсінік беруді жөн көрдім. Жолдауда Президентіміз сот шешімдерін мұқият талдау жұмысын жолға қойып, біріңғай сот тәжірибесін орнатуды ұсынды. Азаматтардың жария құқықтық дауларында теңсіздіктерді болдырмау мақсатында оларды шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізу жөнінде бастама көтерді. Бұдан былай дауларды шешу барысында сот қосымша айғақтар жинау бастамасын көтеруге құқылы болады.

Сондай-ақ, жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе балаларға жасалатын қылмыстарға жазаны шұғыл түрде қатайту тапсырылды. Жолдауда браконьерлік мәселесі де көтеріліп, бұл бағыттағы заңнаманы қатайту үшін шұғыл шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берілді. Браконьерлік бізде және Исатай ауданында кездесіп отырғаны өздеріңізге мәлім, - дей келе Жолдаудағы сыбайлас жемқорлықпен күрес, құқық қорғау жүйесін реформалау, полицияның мемлекеттік күштік құрылым ретіндегі бет-бейнесін өзгерту, заманауи фронт-офистерін ашу және басқалары жөнінде сөз қозғады.

img_5158

Аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Н.Құбашев шараны қорытындылап, хабарламашыға ризашылығын білдірді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521