«Жол қозғалысының жас инспекторлары-2019»

(0 Votes)

Аудандық спорт кешенінде білім бөлімінің жоспарына сәйкес оқушылар үйінің ұйымдастыруымен «Жол қозғалысының жас инспекторлары-2019» сайысы өтті. Оған аудан мектептерінен 16 топ қатысты.

Ашылу салтанатында ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалғаннан кейін, топ басшылары бас төреші АПБ әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Фархад Қисымовқа тапсырды. Алғашқы сөз сөйлеген аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Еділ Баяровқа сайстың мәні мен мақсатына тоқталса, оқушылар үйінің басшысы Мейрамгүл Шекетасова қатысушыларға сәттілік тіледі.

АПБ ЖПБ-нің жол патрульдік полиция бөлімшесінің аға инспекторы Артем Бекболатов жол реттеушінің қозғалысы қалай жүзеге асатынын көрсетті.Жүргізуші оқушылар үйінің қызметкері Кәмшат Меңдіғазиева сайыстың ережесі мен қазылар алқасының құрамын таныстырды. Ломоносов атындағы жалпы орта мектептің оқушысы Жанби Елемес, «Наз» бишілер тобы өз өнерлерін ортаға салды.

А.Шакупова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521