Жеке тұлға валюта айырбастаумен айналыса алмайды

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ұйымдастыруымен аудан орталығы «Серпер 2» ЖШС-і базарында және Котяев ауылындағы «Құрманғазы» шекара бекеті аумағында заңсыз валюта айырбастау қызметімен айналысатын жеке тұлғаларға профилактикалық түсінік жұмыстары жүргізілді.

Рейд құрамында аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж.Бектеміров, АІІБ жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Ф.Қисымов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының басшысы Ұ.Өтегенов болды.

Аудандық кірістер басқармасының басшысы Н.Харесов және бас маман Н.Шакупов жеке тұлғаларға «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шiлдедегi № 167-VІ Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзғандарын, бұл үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертті. Сонымен қатар, жеке тұлға ретінде айырбастау пунктіне лицензия берілмейтіні, ол үшін аталмыш Заңның талаптары бойынша заңды тұлға болып тіркеліп, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінен арнайы рұқсат қағаз алулары қажеттігі қаперге берілді.

2018 жылдың мамыр айында да қолма-қол валюта айырбастаумен айналысатын жеке тұлғаларға кездесу өткізіліп, заңсыздықты болдырмау жөнінде ескертілген болатын. Лауазым иелері аталған қызметпен шұғылданатындарға алдағы уақытта бұл жұмыстарын тоқтатпаған жағдайда, заң шеңберінде шара қолданылатындығын алға тартты.

Аудан әкімінің орынбасары Ж.Бектеміров, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының басшысы Ұ.Өтегенов отбасын асыраудың қамымен жүрген жиналғандарға заңға қайшы іспен айналысып жүргендерін түсіндіріп, бірігіп басқа кәсіп көзін ашуға кеңес беріп, бұл бағытта мемлекет тарапынан қарастырылған зор мүмкіндіктерді тілге тиек етті.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521