Жас спортшыларымыз ерледі

(0 Votes)

Алматы қаласында таеквондодан балалар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Кең көлемде ұйымдастырылған бұл сайысқа еліміз бойынша 1700 спортшы қатысса, соның 700-і облысымыздан барды. Облыс құрамасының қатарында ауданымыздың 15 балғын спортшысы бақ сынады. Чемпионат нәтижесімен 10-11 жас аралығындағы спортшылардан 24 келі салмақта өнер көрсеткен Ломоносов орта мектебінің оқушысы Илья Макпузов топ жарып, бірінші орыннан көрінді. 22 келі салмақта Әуезов орта мектебінің оқушысы Дәулет Ғимранов ІІ, ал, 32 келі салмақта Ерхан Болатбай (Абай о/м) ІІІ орыннан көрінді. Қыздарымыз да сенімді ақтай білді. 10-11 жастағы 24 келілік спортшыларымыздан Жанель Дүйсен (Әуезов о/м), Нұрай Бақытжанқызы (Абай о/м) үшінші орын алды. 1700 спортшы қатысқан додада бұл да жақсы көрсеткіш. Жас спортшыларымыздың алар асулары әлі де мол деп есептейміз. Балаларды жарысқа дайындаған жаттықтырушысы Руслан Аманғалиев.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521