Жанкешті ақынның жанартау жырлары

(0 Votes)

Облыс әкімдігінің, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының, «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің бірлескен түрде қолдауымен мұнайлы астана төрінде Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында республикаға танымал ақын, ақпа-төкпе журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, жерлесіміз Гүлзада Ниетқалиеваның «Жүректегі жанартау» атты шығармашылық кеше таптаурын түрден мүлде бөлек, гүрлеп өтті.

Республика аумағынан келген белгілі қаламгерлер, атыраулық әдебиет сүйер қауым, зиялы қауым өкілдері, қысқасы осы бір тағылымы мол шарадан поэзия құдіретін анық сезінгені анық. Фариза апасын, Рахымжан ағасын көздері тірісінде әбден мойындатып, әлемдік аренаға жол тартқан асау мінез, ақжарқын қарындасымыздың қуатты, асқақ жырлары дауылды күнгі Қиғаштың ақжол толқындарындай көкке шапшыған сәт болды бұл.

Алдымен мәдениет сарайының үлкен залына кіреберісте Гүлзада ақынның бас-аяғы екі жылға жетпейтін мерзімде жазылған бес бірдей кітабының тұсауы кесілді. Айта кетерлігі, осы шараны ол да әйгілі қаламгер жерлесіміз Балауса Халелованың жеріне жете жүргізгенін көпшілік ықыласы зор болды. Шалқыған музыка, ақтарылған тілектер, ортада бақыттан басы айналып жүзі бұлбұл жанған біздің Гүлзадамыз.

Толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521