Жайылымдық жерлер бос жатпасын

(0 Votes)

Біз, яғни бірқатар шаруа қожалықтары ұзақ мерзімге жалға алған жеріміздің салығын уақтылы төлеп, жайылымдарға малымызды жайып, шабындықтардан пішен дайындап Елбасы саясатына сай өркендеу үдерісін бастан кешіп келеміз.

Алғашында азын-аулақтан бастасақ, бүгінде бірқатарымыз ауыл-аймаққа танылып, қиналғандарға да қарайласа бастадық. Ал, кейбір ағайындар жерді алғанмен де кәдеге асырмай реті келсе «менің жерімнің пішенін орып дайындап, түсімнің жартысын өзің ал, жартысын маған қалдыр» деп оңай олжаға кенелуде. Ауданнан комиссия шығарып, карта бойынша анықтап, дұрыс мақсатта пайдаланбай отырған қожайындардың жерлерін біз сияқты заңды шаруашылық иелеріне алып берсе екен деймін.

Серік-Оразғали Алғаязұлы,

Нұржау ауылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521