Жәрмеңкеде – мемлекеттік қызмет

(0 Votes)
Орлы ауылдық мәдениет үйінде ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұсынысы негізіндегі аудан әкімдігінің жоспарына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өтті.

Онда аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу, жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы, ауыл шаруашылығы, білім бөлімдерінің, жұмыспен қамту орталығының, «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ Атырау облысы филиалы «ӘТВАЕО» департаменті аудандық бөлімшесінің және халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары өз қызметтерін ұсынды.

Шараны Орлы ауылдық округінің әкімі Асқар Мұфтах кіріспе сөзбен ашып, қызмет көрсету жәрмеңкесінің жұмысына сәттілік тіледі.
Аудан әкімінің аппараты мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бақылау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Зинетулла Мұхылесов мемлекеттік қызмет көрсетудің  адам өміріндегі алар орны, аудан бойынша электронды түрде көрсетілетін қызметтердің санын арттыру және оған қолжетімділікті қамтамасыз етудің, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын жетілдірудің маңыздылығы туралы хабарлама жасады.

Ауданымызға іссапармен келген ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің өкілі Жеңісбек Байшеркешов агенттік департаментінің жұмысы, негізгі міндеті,  мемлекеттік қызмет, оны көрсетудің сапасын бақылау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған  қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында айта келіп, осы орайдағы құқық бұзушылықтардың пайда болу себептеріне тоқталды. Мұның бәрі үлкен экраннан бейнеролик арқылы назарға ұсынылып, туындаған сұрақтарға жауаптар берді, жеке қабылдау өткізді.

Келесі кезекте аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Гүлмира Құмарова 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде енгізілген жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек туралы айтып, бұл бойынша жәрдемақының кімге тиесілі, қалай берілетіні, кедейлік шегінің ең төменгі күнкөріс деңгейі, шартты және шартсыз ақшалай көмек төлену тәртібі бағытында түсініктер берді.

Жиын соңында қатысушылар «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы бейнероликтерден мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алудың жолдарын үйренді. Сондай-ақ, жәрмеңкеге арнайы келген тиісті мекемелердің мамандарынан өздеріне қажетті қызметтер мен кеңестерін алды.
А.НӘЖІМОВ.
 
 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521