Жұмыс жасауымызға кең мүмкіндік туғызды

(0 Votes)

Елбасымыз мәлімдемесінде: «Қазақстан тек аумағы жағынан ғана ірі мемлекетке айналған жоқ. Бүгінде азаматтарымыздың саны 18 миллионнан асты. 20 миллионға жететін күн де алыс емес», - дейді үлкен үмітпен.

Тәуелсіз мемлекетіміздің оған жететініне сенімдіміз. Бұған дейін әлемде жер көлемі жағынан тоғызыншы орында тұрған мемлекетімізде Қытайдың бір Шанхай қаласына жетпейтін халық болғаны шындық. Мұнда ұлтымыздың басынан өткерген түрлі зобалаңдардың, тар жол, тайғақ кешулердің ізі бары өздеріңізге жақсы мәлім. Біз тек Тәуелсіздік тұсында ғана осындай өсімге жеттік.

Нұрсұлтан Әбішұлының жас мемлекетіміздің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқаны талассыз шындық. Оған бүгінгі жетістіктеріміз куә. Соның бірі бизнестің дамуы. Көптеген мемлекеттерде негізгі арқа сүйер күш шағын және орта кәсіпкерлік. Қазынасын толтыратын да осы сала. Тұңғыш Президентіміз қабылдаған бағдарламалардың арқасында бізде де оған кеңінен бетбұрыс жүзеге асты. Мұнда кәсіпкерлерге жасалған қолдаудың, жеңілдетілген несиелер мен субсидиялардың рөлі зор болды. Азаматтарымыз қашан мені жұмысқа алады деп жалтаңдамай өз ісін бастаса қолдау көрсетілетінін білді. Нәтижесінде жұмыссыздық азайды. Жұмыс жасаған адамға бүгін барлық мүмкіндіктер бар. Осының бәрінің артында Елбасымыздың тынымсыз еңбегі тұр. «Өздеріңіз білесіздер, заңдарымызға сәйкес мен Тұңғыш Президент – Елбасы (Ұлт көшбасшысы) мәртебесіне ие болдым. Елеулі өкілеттігі бар Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде қызмет ете беремін. «Нұр Отан» партиясының Төрағасы, Конституциялық Кеңестің мүшесімін», - депті өз мәлімдемесінде Н.Назарбаев. Сіз бізбен әрқашан біргесіз қадірменді Елбасы!

Нұрлан Құсайынов,

жеке кәсіпкер,

«Сұңқар» ЖШС директоры.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521