Тұжырымдама талқыланған конференция

(0 Votes)

«Нұр Отан» партиясы Құрманғазы аудандық филиалының кезектен тыс ХХVІ конференциясы болып өтті.

Оны ашқан партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев өкілеттік нормасына сәйкес 10 партия мүшесінен бір делегат есебімен конференцияға 40 делегат қатысып отырғанын, бұл тиісінше жұмысты бастауға өкілеттік беретінін айтып, делегаттар дауысына салды. Бірауыздан мақұлданған кезектен тыс конференция мемлекеттік Әнұранмен басталды. Жұмыс регламентін бекіту үшін мандат комиссиясының төрағасы, аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы, «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Наурызбай Бисенғалиев хабарлама жасады.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесі бюросының қаулысымен конференцияның күн тәртібіне Құрманғазы аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттар ұсыну, Ақтөбе қаласында бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына арналған аймақтық форумда талқыланған тұжырымдамамен таныстыру, оны іске асыру және облыстық партия филиалының кезектен тыс ХХVІІ конференциясына қатынасатын делегаттар құрамын сайлау мәселелері қойылды.

А.НӘЖІМОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521