Тәуелсіздік – елдігім мен ерлігім

(0 Votes)

Аудандық орталықтандырылған кітапханада қастерлі мерекеге орай «Тәуелсіздік – елдігім мен ерлігім» атты тақырыптық кеш ұйымдастырылды.

Жүргізуші Сандуғаш Қайырова кештің мәні мен мақсаты жөнінде айтып өтіп, 1991 жылдан бергі еліміздің ғасырға татитын ғаламат жетістіктерін саралап, Елбасының ерен еңбегіне тоқталды. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Құмарғалиев, аудандық мүгедектер қоғамының жетекшісі Ғилыман Құспанов ұлтымыздың ең басты құндылығы, тәу етер Тәуелсіздігіміз туралы өз ой-пікірлерін ортаға салып, көк аспанымызбен астасқан көк Туымыздың биікте желбірей беруін тіледі.

Одан әрі, кітапхананың кішкентай оқырмандары шараны тақырыпқа орай өлең-жырларымен көркемдеді. Егемендігіміздің басы болған Желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке арналған «Қайраттың хаты» атты көріністі оқушылар шынайы сомдады. «Тәуелсіздік – ұлттық өрлеудің ұлы көші» тақырыбындағы кітап көрмесіне кітапханашы Жанаргүл Жасқайырқызы шолу жасады.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521