Тәуелсіз елімнің жастары

(0 Votes)

«Туристік байлам байлау» эстафеталық жарысында Ломоносов жалпы орта мектебінен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сәбит Гайсиннің жетекшілігімен қатысқан бір топ оқушыларымыз өздерінің жеңіске деген ерікті жігерімен ІІ орынды иеленіп,туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін білдірді.

Мұндай жарыстардың мақсаты – өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға, уақытты босқа өткізбей тиімді пайдалануға үгіттейді. Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушылары арасында «Менің Қазақстаным» суреттер және эссе байқауы өтті. Қатысушылар өз суреттерінде туған өлкеге деген сүйіспеншілікті, табиғатымыздың көз тартар сұлулығын көрсете білді. «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ББҰ үздік оқушыларын қабылдауға арналған лездемелерге ардагер ұстаздар қатысып, балғындарға галстук байлады. Жасұландықтар және жасқырандықтар өз елінің патриоттары болуға, жақсы оқуға ант берді. Қазақ тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Желтоқсан құрбандарын еске алу» сахналық қойылымы көрерменнің көңілінен шықты.

Қ.Қыдыршаева,

Ломоносов атындағы жалпы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521