Ұстаздар арасында туристік слет өтті

(0 Votes)

Сафон ауылдық округіне қарасты Панкрашкин аралындағы орманда ауданымыздың 90 жылдық мерейтойына орай және мұғалімдер спартакиадасы шеңберінде аудан ұстаздары арасында туристік слет өтті.

Мақсаты – мұғалімдердің туристік-спорттық шеберліктерін шыңдау, салауатты өмір салтын насихаттау, жаяу туризм техникасын дамыту. Жарыстың өткізілуі мен жалпы дайындығына «Жас туристер бекеті» КММ-і жауапты болды. Слетке ауданымыздың жалпы орта мектептерімен бірге, білім, дене шынықтыру және спорт, мәдениет бөлімдері, Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжін қосқанда 21 команда қатысты.

Оның ашылу салтанатынан кейін, спорттық-туристік техника жарысы, футбол, жағажай волейболы, аспазшылар сайысы, «арқан тартыс», «кір тасын көтеру» сияқты ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Туристік газет, ән конкурстары, көңілді тапқырлар сайыстары көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Орман ортасына жағалай туристерге арналған түрлі-түсті шағын палаткілер құрылды. Таза ауада жағалай қазан асылып, тамақ дайындалды. Қатысушылар гитарамен ән орындап, шараның көрігін қыздырды.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521