«Серперге» жазылайық, ағайын!

(0 Votes)

Біздің ауданның жалғыз үнжариясы «Серпер» - облыстың аудандық газеттері арасында алғаш жарық көрген басылым.

Оның бірінші саны «Балықшылар үні» деген атпен 1930 жылы 10 қазанда шықты. Кейін «Социалистік жол», «Ленин жолы»,«Кеңес үні» деген атауларға ие болып, 1994 жылы «Серпер» болып өзгертілді.

Бастапқыда баспасөз бетіне өңір тұрғындарының тұрақты күнкөрісіне айналған балықшылық кәсібі туралы үзбей берілген. Кейінірек аудан экономикасының әртараптануына орай газет тақырыбы да кеңейе түсті. Әсіресе, ауылшаруашылық мәселелері, малшылардың жағдайы, ауыл тұрмысы баса көрсетілетін болды. Ауданның экономикалық, саяси, мәдени өмірі кеңінен қамтылды.

Газеттің алғашқы редакторы - Шайдолла Молдабеков. Әр жылдарда бұл қызметті Б.Бәйменов, Ғ.Аманғалиев, Д.Жолмұханов, С.Хайдаров, X.Тәкішев, С.Ерғалиев, М.Ысқақов, Т.Құрманғалиев, Т.Хамеденов, Т.Берішбаев абыройлы атқарды. М.Сатыбалдиев, Р.Отарбаев, Р. Иманғалиев, Қ.Елемесов, Қ.Ғұмаров сияқты белгілі қаламгерлер еңбек етті. Жаңалықтың жаршысы бола білген төл газетімізде тектілердің ізі қалған. Қазіргі таңда газеттің бас редакторы – Таңатар Дәрелов. «Серпер» аптасына бір рет шығады. Ендеше, данадан балаға дейін асыға күтетін «Серперге» жазылайық,ағайын!

Ұлан Иманғалиев,

Ермұрат Өмірбаев, газет жанашырлары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521