Сергек ойлы «серперлік» оқырмандар!

(0 Votes)

Аудан айнасы да өз тарапынан оқырмандар көңілінен шығу үшін қойылған талаптар үдесінен көрінуде. Оқырмандарға көрсетілетін ақылы қызметтен алдыңғы орында.

Газетіміздің ресми сайты заман талабына сай, жаңалықтарды шұғыл және үлкен аудиторияға шығару мақсатында ептілік танытып, «Атырау-Ақпарат» ЖШС-на қарасты 7 аудандық сайттың көшін бастап жүр. Газет таралымы өз қолдауларыңызбен соңғы жылдары 6 мың данадан төмендеп көрген емес.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығына да 6 мыңнан аса жаздырып алушы қара көрсетті. «Серперлік» журналистердің шығармашылық қуаты да өздеріңізге мәлім. Жақында ғана республикалық «Заң» газеті прозаның детектив жанры бойынша ұйымдастырған сайыста журналист Қанат Ғұмаровтың «Түн жамылған ұрылар» хикаяты арнайы жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, газеттің белсенді журналисі ретінде «Астананың 20 жылдығы» мерекелік медалі өңірін жарастырды. Жыл ішінде кәсіпорынның, аудан әкімдігінің, облыстық қорғаныс бөлімінің алғысхат, грамотасын иеленді. Газет қызметкері Айнагүл Шакупова журналистер күніне орай Қазақстан Журналистер одағының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Қазақстандық сапалық білім және ғылыми қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы ұйымдастырған «Мамандығым – мақтанышым» атты шығармалар байқауында ІІ орынмен қоса ақшалай сыйлық сертификатын иеленді. Ал менеджер Ақмарал Оразғалиева да журналистер күнінде «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің «Үздік қызметкер – 2018» дипломы мен ақшалай сыйлығымен ұлығыланды. Осы жолдардың авторы, газеттің 26 жыл бас редакторы республикалық ардагерлер қоғамдық ұйымы ұйымдастырған «Ғасыр жаңалығы – Астана» ардагерлер шығармашылығына арналған байқауда поэзия аталымынан жүлдегер атанды. ҚР Жазушылар одағының Атырау филиалы ұйымдастырған Әбілхайыр ханды ұлықтауға арналған «Томаға киген тау бүркіт» республикалық жазба ақындар байқауында да жеңімпаз атанды.

Қазақтың халық батыры Ер Қосай Құдайкеұлын мәңгі есте қалдыру мақсатында қолға алынған шаралардағы белсенді қаламгерлік еңбегі үшін «Ер Қосай» төсбелгісімен марапатталды.

Құрметті оқырман, Сіздерге жаңа 2019 жылда жаңа бақыт, тосын қуаныштар, толайым табыстар, бірлік пен берекенің, ырыс пен ынтымақтың уыздай жарасымын ала келсін! Ақ қардай тазалық, сықырлаған аяздай сергектік, сіресіп қатқан көк мұздай уәдеге беріктік, қарлы боранда қыңқ етпес төзім мен жігер, суық таңда жарқ еткен күндей асқақ арман сіздердің бойларыңыздан табылғай! Осындай «Серперді» өзіңізге серік еткеніңізге дән ризамыз. Сізде және сіздерде бәрі жақсы бола бергей! Көңілдеріңіз қуанышқа тола бергей! Қыстың тоңындай мұқалмас саулық, ұзақ ғұмыр, амандық тілеуші – өздеріңіздің «серперліктеріңіз».

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521