Сүйіндік пен Балқұдықта поштаны дрон тасиды

(0 Votes)

«Қазпошта» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Алтын Садықова пошта тасымалдауда дрон ұшу аппаратын пайдалану, пошташылардың күнделікті жұмысында велосипедті қолдану тиімділіктері бағытындағы жаңашылдықтарымен бөлісті, деп хабарлады Azh.kz.

Оның айтуынша, облысымыздың әр өңіріне пошташылар тұрғындар жазылған 58 мың дананың түрлі мерзімдік басылымдарды жеткізуге тиесілі екен. Бұл мақсатта «Сандық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде шалғай елді мекендерге поштаны дрондармен жеткізу жоспарланып отырғандығын жеткізді:

- Бұл алдағы жылдан бастап қолға алынады. Дрондар 4 келіден аспайтын жүкпен 140 шақырымға дейін әрлі-берлі ұша алады, әуедегі биіктігі 200 метр, межелі жерге келгенде, ол төмендеп, сәлемдемені 20 метр биіктіктен түсіреді. Дронды ауа райының жылы кезінде қолданамыз, олар алдымен Құрманғазы ауданының Балқұдық пен Сүйіндік ауылдарында тәжірибеден өтеді.

Сондай-ақ, А.Садықова көптеген пошташылардың тасымалдау кезінде велосипедті пайдаланып, өз қызметтерін айтарлықтай жылдамдатып отырғандығын қаперге берді. Бұл мақсатқа облыс бойынша 140 велосипед көлік құралы алынғанын, әр пошташыға арнайы қосымшалар орнатылған ұялы телефондар беріліп, ол арқылы жеткізілімдердің уақтылы қолдарына тиюі бақыланып отыратындығын айтты.

Көптеген тұтынушылардың жұмыс күндері үйінде бола бермейтіндігі ескеріліп, үстіміздегі жылдың мамыр айынан бастап пошташылар таңғы сағат 7-ден бастап мекен жайларды аралайтынын, ал, қараша айынан бастап икемді кесте жасақталынып, пошта жеткізу демалыс күндері де жүргізілетінін жеткізді.

А.НӘЖІМОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521