Өрт өршімесін десек...

(0 Votes)

Орман және дала өрттерінің туындауына кінәлі көбіне адамдардың өздері.

Оның пайда болуы табиғат аясындағы демалыс орындарында, аңшылық, саятшылық кезінде орын алады. Көп жерден сынған әйнек қалдықтарын жиі кездестіріп жатамыз. Жаздың ыстық күндерінде олар күннің сәулесін линза ретінде күшейтіп қураған шөптің тұтануына әкеліп соғады. Өрттің салдарынан үлкен шығын келіп, кейде соңы адам өліміне ұласады.

Статистикаға сенсек, табиғи өрттер көбіне демалыс күндері, адам табиғатқа демалуға шыққан кезде пайда болады. Сондықтан қауіпсіздік ережелерін сақтамаған кінәлі адамдар жасаған құқық бұзушылығының ауырлығына сай ҚР заңнамаларына сәйкес тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылатынын қаперіңізге береміз.

А.Әлібекқызы,

аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының м.у.а. азаматтық қорғау подполковнигі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521