Әріптесіміз ардақталуға лайық

Аудан тынысы

Бірге жүрген күндердің қадірі жылдар асқан сайын қымбаттап барады.

Ғұмырыңыздың 75-і сары ала жазы құтты болсын! «Серперді» Атыраудан мың-мыңдап қолымызды шпагатқа қидырып, таксиден-таксиге ауысып, ауылға әрең жеткенімізді үстел жайып күтіп алатын күндерді қалайша жадыдан тез шығаруға болады? Арамыз алшақтағанымен тілеулестік алтын желі үзілмейді. Жиырма жыл шамасы уақыт алақандай газетіміздің қамын ала таңнан бірге ойласып, соның тірлігімен ғана әуреге түстік. Тапқан тиынымызға малдандық, тәуірлеу жазғанымызға алдандық, қара сөз сүлейлеріне жалғандық...

«Серпер» сізді де өсірді. Сабалағыш емес, саналы ағысты тапқан, әріден қозғайтын, тереңнен толғайтын көсем сөз иесі – Мадат Хамзаұлы, керуен сапары бүгін 75-ке толтырса, ертең сексеніңе жеткізсін! Жібектей есілген, Шұға десе, Шұға жарыңыздың шұғыласы сәулесімен ұрпақ рахатына, ел құрметіне бөлене түсіңіз!

«Серперлік» әріптестеріңіз,

ҚР Журналистер Одағының аудандық ұйымы