Өр суының өзіндік қаупі бар

(0 Votes)

Біздің өңірге өр суы өзіндік қаупін тудырады. Өзендегі су көтеріліп, арнасына сыймай, еңісті жерлерге жайылады. Сай-салаға толған су үй-жайларды, ғимараттарды, мал қораларды, құрылыс нысандарын, электр бағандарына едәуір зиянын әкеледі.

Аумақты су басу қаупін байқаған кезде Төтенше жағдайлар қызметінің 112 нөмірі бойынша соғып, хабарлау қажет. Есіңізде болсын, қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы өзіңіз бен жақындарыңыздың өмірін арашалап қалу мүмкіндігіңіз көбейеді.

Су басу қаупі туындаған кезде төтенше жағдайлар мен іс-әрекет жөніндегі нұсқаулықтар мен ақпараттарды мұқият тыңдап, мүлтіксіз орындалуы қажет. Тұрғындардың эвакуациясы үшін алдын ала дайындалған орынға барудың қамын жасаңыз. Радиоқабылдағыш, телефон желісі үнемі қосылып тұруы шарт. Сабырлық сақтап, айналаңыздағы егде адамдарға, әйел-балаға, мүгедектерге көмек қолын созыңыз. Шамаларыңыз келсе су басып жатқан аймақтан дереу кетіңіз, болмаса құтқарушыларды күтіңіз.

Егер сіз көлікте болсаңыз, су басқан жолдармен жүрмеңіз ағыс алып кетуі мүмкін. Ал, көлігіңіз істен шықса, дереу көмек шақырып, көліктен шығып кетіңіз.

Айналаңызда зардап шегушілер жоғына көз жеткізіңіз, болған жағдайда шамаңыз келгенше көмек қолын созуға тырысыңыз. Судың бетіндегі адамдарға құрғақ, жылы киім кигізіп, тыныштандыратын дәрі беру арқылы алғашқы көмек көрсету керек. Судың астынан шыққан адамдарға жасанды тыныс алу жасау қажет. Судың астында қалып қойған жағдайда үстіңіздегі ауыр киімдер мен аяқ киімді шешіп, жақын маңнан көмек келгенше пайдалана тұратын зат тауып алыңыз. Құтқару құралдарын толтырмаңыз (катерлер, қайықтар, құдықтар).

А.ӘЛІБЕКҚЫЗЫ,

аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы,

азаматтық қорғау подполковнигі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521