«Отбасы – ұлағат мектебі»

(0 Votes)

Отбасы институтын нығайту, қоғамда оның құндылығын дәріптеу, сыйлы шаңырақ иелерін үлгі-өнеге ету арқылы өскелең ұрпақты ізгілікке тәрбиелеу мақсатында Атырау облысы әкімі жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесі, аудандық аналар кеңесі, мәдениет үйі, Абай атындағы жалпы орта мектебі, орталықтандырылған кітапханамен бірлескен түрде «Отбасы – ұлағат мектебі» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.

Оған округтердегі аналар кеңесі төрайымдары мен мүшелері, ішкі саясат бөлімі, білім бөлімі, әкелер кеңесі, ұлағатты ұстаздар, мәдениет, кітапхана қызметкерлері, БАҚ өкілдері, түрлі сала мамандары қатысты. Аталмыш шараға бүгінде еңбектің зейнетін көріп, шынайы құрметке бөленіп жүрген өңірге танымал Жәлеловтер және Жұмановтар отбасыларымен қатар, аға ұрпақтан үлгі алсын деген мақсатта Садықовтар, Сариевтер және Нұғмановтар секілді жас отбасылар қонақ ретінде шақырылды. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Шамбузов шараның мәні мен мақсатын ашып көрсетті.

Ауданымыздың өркендеуіне қажырлы еңбектерімен үлес қосып, ұлағатты ұрпақ өсірген Сайхол Жұманов, Шайхатолла Жалелов отбасылары ғибратты өмірлерінен сыр шертті. Сондай-ақ, олар болашақ жастардың қолында екенін тілге тиек етіп, оларға өз ақыл-кеңестерін жеткізді. Кештің сәнін келтірген мәдениет үйі қызметкерлері Раушан Сәрсенова, Толыбай Қажыгереев, Ермек Айсын, Болатбек Нұрбайұлы және мектеп оқушылары әннен шашу шашты. Кеш соңында аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова қатысушыларға ризашылығын білдіріп, шақырылған қонақтарға Қазақстан Халқы Ассамблеясының кітабы мен құттықтау хаттарын табыстады.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521