Мен қазақтың келіні

(0 Votes)

Қазаққа келін 1 наурыз – Алғыс айту күні жанға жылылық, көңілге қуаныш сыйлайтын мереке. Елбасы Жарлығымен жалпыхалықтық сипатқа ие болған бұл мейрамды төртінші мәрте атап өткелі отырмыз. Қазақ елі қашанда ұлттар достығының бесігі саналады. Әу бастан-ақ халқымыз айрандай ұйыған татулық пен бірліктің, ынтымақ пен берекенің ұйытқысы бола білді.

Біздің ауданымызда да ел қатарлы өмір сүріп, ұрпақтарын өрбітіп, ортасына сыйлы да қадірлі болып жүрген өзге ұлт өкілдері жетерлік. Солардың ішінде халықтың жылы ықыласына бөленіп, қазаққа келін болған, қазіргі күнде зейнет жасына келген кәріс қызы «Алтын алқа» иегері Екатерина Кимді айтуымызға болады. Ол 1948 жылы 23 тамызда Ганюшкин селосында кәріс ұлтының өкілдері Василий Ким мен Маруся Лидің шаңырағында дүниеге келген. Ата-анасы 1937 жылы Ресейдің Владивосток жерінен қуғынға ұшырап, Қазақстанға жер аударылған. Екатерина (Катя) 1965 жылы Теңіз селосындағы Гагарин атындағы сегізжылдық мектепті тәмамдап, алғаш еңбек жолын «Қазақстан» ұжымшарында егінші болып бастады. 1969-1971 жылдар аралығында «Октябрь» кеңшарының құрылыс цехында сылақшы, сылақшылар бригадасының бригадирі болып үзбей жұмыс жасап, зейнеткерлікке де осында жүріп шықты. Еңбегі де ескерусіз қалмай, бірнеше рет кеңшар, партия, кәсіподақ комитеттерінің грамоталарымен марапатталды.

Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521