Мал ауруы тарамасын десеңіз...

Аудан тынысы

Ауданымыздағы ауыл шаруашылық жануарларының эпизоотиялық тұрақтылығын сақтау – ортақ борышымыз.

Соңғы уақытта мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы жануарларын бағып өсірумен айналысатын шаруашылықтарға қаржылық көмек (субсидиялар) берілуде. Сол себепті, ауданнан тыс жерлерден асыл тұқымды аталық, аналық малдарды тұрғындар көптеп сатып ала бастады.

Көршілес өңірлерден ауданымызға мал алып келушілерге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №7-1/700 бұйрығын қаперге беруді жөн көріп отырмыз. Жеке және заңды тұлғалар жануарларды жаңадан әкеліп түсіруді, сатып алуды, әкетуді, орын ауыстыруды жоспарлау алдында бұл туралы ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның бөлімшелеріне жолығады. Жануарларды сатып алуды, орын ауыстыруды жоспарлауда 30(отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша түрде өтініш берулері керек. Өтініштің 1 ай бұрын сұралу мақсаты асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларының шыққан жеріндегі эпизоотиялық жағдайдың тұрақтылығын алдын-ала анықтап біліп, сатып алуға рұқсат беру. Егерде ветеринария бөлімшелеріне ескертпей, жануарларды сатып алып келсеңіздер, ауданымызға ауру жануарлардың кіруіне, аурудың таралуына ықпал жасап отырғандарыңыз деп білеміз.

Мұндай қолайсыз жағдайларды болмау үшін ауданымыздың ауыл шаруашылығы жануарларын бағып өсірумен айналысатын шаруашылық басшыларының, жеке тұлғалардың осы айтылғандарды ескерулерін сұраймыз.

А.Қалиева,

аудандық ветеринария бөлімінің жетекші маманы.