Мұздағы қауіпсіздік шаралары

(1 Vote)

Мұздың беріктігін көзбен шолып анықтауға болады.

Егер ол көгілдір түске енсе, ең берік екенін білдіреді. Ақ мұздың беріктігі одан екі есе аз, сұр және күңгірт-ақ немесе сарғыш түрлері сенімсіз. Мұз қалың қар қабатымен жабылып жатқан кезде аса сақ болу керек. Өзен сағаларында қатты ағыс, ағынды суларда, ағаш және қамысқа жақын жерлерде мұз әлсіз келеді.

Егер сіз суық суға абайсызда түсіп кетсеңіз:

- абыржымаңыз, қатты қимыл жасамаңыз, тынысыңызды тұрақтандырыңыз;

- қолдарыңызды екі жаққа жазып жіберіңіз және мұздың жиегінен ұстауға ілініп, ағыс бағыты бойынша денеге көлденең жағдай беруге тырысыңыз;

- мұз шетіне кеудемен жатуға ыңғайланып, кейін оған бір аяқты, содан соң, екінші аяқты қою керек;

- егер мұз шыдаса, жағаға қарай аунап түсіп ақырындап еңбектеңіз.

Есте сақтаңыз: қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау сізге бақытсыз жағдайлардан құтылуға көмектеседі. Төтенше жағдайлар туындаған кезде «112» телефоны бойынша қоңырау шалу қажет.

А.Әлібекқызы,

аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы,

азаматтық қорғау майоры.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521