Ұлағатты ұстазды ұйып тыңдады

(0 Votes)

Аудандық мұражайда «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында жастардың ұлағатты ұстаз, өлкетанушы, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы Сара Алпысовамен кездесу кеші өтті.

«Жасыл ел» бағдарламасына қатысушылармен болатын мәдени шаралар шеңберінде ұйымдастырылған кешті аудандық жастар ресурстық орталығының бас маманы Қайыржан Сидеғалиев жүргізіп отырды.

i

Кездесу барысында кеш қонағы өткен өмір жолдарын балалық шағынан бастап байыпты баяндап берді. Сол кезеңдердегі ел басынан өткен қиындықтар, адамдардың жанқиярлық еңбектері, соғыстың салған табы, мектепке алғаш барған күні, мамандық таңдауға бетбұрысы, ұстаздық қызметке кірісуі, өлкетану ісімен, шығармашылықпен айналысуы, қоғамдық жұмыстағы берлсенділігі, бәрі-бәрін қалдырмай тыңдаушыларына ұғынықты тілде жеткізе білді. Ұлағаттың ұстаздың айтқандарын ұйып тыңдаған жастар қызығушылығын танытып, сұрақтарын қойып, әсерлі әңгіменің желісін лайықты жалғастырып отырды.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521