Іштен ірітетін індет

Аудан тынысы

Сыбайлас жемқорлық іштен ірітетін, ұлттық қауіпсіздікке қатер әкелетін індет. Сондықтан ел болуды қалайтын кез келген өркениетті қоғам үшін онымен күрес ең өзекті мәселе болып қала бермек.

Округ кеңсесінің дәлізінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» комиссиясының «Сенім жәшігі» орнатылған, сенім телефоны жұмыс жасайды (3-21-41). Округтегі мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасының сақталуын үнемі талап ету, өздері азаматтардан сыйақы, сыйлық, басқа да заттай қымбат бұйымдар қабылдауына жол бермеу және мемлекеттік құпияны үнемі сақтап отыруын, азаматтардың ар-намысына тиетін, артықшылық көрсетілетін жағдайларға жол бермеуі жиі бақылауда ұсталып отырылады. Мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлықтың фактілерін жасырғандығы немесе жалған ақпарат бергендігі үшін қаншалықты жауапты екендіктері ескертіліп, заң талаптары түсіндіріліп келеді. Ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратының көрнекі жерінде Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, тұрғындардың сана-сезімінде сыбайлас жемқорлықтың кері салдарын қалыптастыру мақсатында қазақ және орыс тілінде жазылған жадынамалар орнатылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен жасақталған «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы тұрғындар мен мекемелер арасында насихатталып, дайындалған жадынамалар таратылды. Cail – орталығы негізінде жасақталған қоғамдық бақылау картасы, әлеуметтік желілері және байланыс телефондарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Округке қарасты мекемелерге сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау және алдын-алу мақсатында фактілер байқалған жағдайда дер кезінде округ әкіміне және заң орындарына хабарлау керектігі айтылып, ескертілді. Шортанбай пошта ғимаратында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» жұмыстарына арналған ақпараттық түсіндірме тақырыбында стенд орнатылып және ауылымыздың екі көшесіне «Пара алма, пара берме!» және «Жаһанды жайлаған кесапатпен күрес ымырасыз болсын!», «Параға емес, биікке ұмтыл!» тақырыптарында билбродтар ілінді. Өткізіліп жатырған шаралардың барлығы да мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу саясатын насихаттауға негізделген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселесі Елбасының жариялаған бес институционалдық реформаларын жүзеге асырудағы Ұлт жоспарында орын алып, 13-ші қадамында нақты көрсетілген. Сондықтан да сыбайлас жемқорлықпен күресу тек мемлекеттің ғана емес, барлық азаматтардың, қоғамның ортақ міндеті болып табылатыны сөзсіз.

Т.ҚАЙЫРБОЛАТОВ,

Шортанбай ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы.