Атырауда Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылық кеші өтті

Аудан тынысы

«Ақ самал жыры Жайықтың» атты шара Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен ақынның 75 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аталған шараға өлкеге, республикаға мәлім әдебиет майталмандары, қоғам қайраткерлері мен Атырау облысы әкімі Н.Ноғаев қатысты. Шығармашылық кеш ақынның өлеңдеріне қойылған сахналық көріністен басталды. Алғашқы сөз аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевқа беріліп, ол ақынның шығармашылық табыстарға жете беруіне тілектестігін білдірді.

aku1

- Сізде ауыз толтырып айтарлықтай атқарған істеріңіз жетерлік. Қоғамның қоғам болып дамуына, қыздардың, болашақ аналардың тәрбиесіне қосып келе жатқан үлесіңіз соның дәлелі. «Халқым, елім, ақ Жайығым» деп жұртыңызға біраз дүние айттыңыз, әлі де айтарыңыз бар. Қазақ айтады ғой «күн - ортақ, ай - ортақ» деп.

Сол сияқты сіз де бүкіл қазаққа ортақсыз. Мерейтойыңыз құтты болсын, - деп құттықтау сөзін жеткізді Н.Ноғаев.

f

Сонымен қатар, шығармашылық кеште ақынның сөзіне жазылған бірқатар әуендер орындалды. А.Бақтыгерееваны құттықтап келгендер қатарында ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева, Сәуле Жанпейісова және БҚО келген Ғ.Құрманғалиев атындағы филормония әртістері болды. Кеште Сәуле Жанпейісова ақынға арналып жазылған «Ақұштап – ақ шағала» әнінің тұсауын кесті.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет:ӨКҚ