Атырау облысында жас мүсіншілердің симпозиумы өтуде

Аудан тынысы

Бүгінгі таңда Мақатта ауданның 95 жылдығы және қазақ мұнайының игерілуіне 120 жыл толуына орай мүсіншілердің симпозиумы өтуде, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Шараға Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан арнайы келген жас мүсіншілер қатысуда. Бір ай ішінде олар жобаларды талқылап және идеяларымен бөліседі. Қатысушылар Мақат өңірінде алғашқы рет келіп отыр. Олар тәулігіне он екі сағат жұмыс жасайды.

be412178-90b0-49d3-9f1a-e8b9be364836

Бір ай ішінде мүсіншілер 10 экспозициялық жұмыстарын аяқтауы тиіс.

5fff27c9-8c41-40a7-ae34-afe46330f245

dc13871a-50a7-4f54-a785-0692257ffbea

- Олар өздерінің жұмыстарын қыркүйек айында аяқтап, арнайы комиссия құрамы симпозиумның қорытындысын шығарады. Жасалған жұмыстар Мақат кентіне қойылатын болады. Бұл іс-шара "Рухани жаңғыру"мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілуде. Біз халқымыздың ежелгі дәстүрлерін жаңғырта отырып, рухани-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру арқылы ұлттық сана-сезімді дамытудамыз. Қазіргі таңда рухани жаңғыру ең өзекті және маңызды міндеттердің бірі, - дейді Мақат аудананың әкімі Жұмабай Қарағаев.