АРДАГЕРЛЕР САЯХАТТАП ҚАЙТАДЫ

(0 Votes)

«Сыйласаңдар кәріңді, жарылқармын бәріңді», дегендей, үлкендерін сыйлап, ақыл-кеңесін тыңдап, құрмет тұтқан ұлтпыз.

Алдыңғы буынның ізін басқан кейінгі толқын да оны жалғастырып келеді. Соның куәсіндей алда келе жатырған 1 қазан Қариялар күніне орай аудан әкімдігі бір топ ардагерлерді Маңғыстау облысындағы Бекет ата басына, Ақтауға, Каспий теңізі жағасына апарып демалдырып қайтқалы отыр. Бұл туралы бүгін аудан әкімі Қайрат Нұртаевтың ардагерлерді қабылдауында мәлім болды.

img_4987

Аудан әкімі Қайрат Талапұлы округтерден жиналған үлкендерімізбен кездесу барысында:

– Алдымен сіздерге Жұмекен Нәжімеденов ағамыздың жұбайы Нәсіп апамызды жерлеуде ұйымшылдық танытқандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Жолдың ұзақтығына қарамай барып қатысқандарыңыз ауданымызға үлкен абырой болды. Қарамыз көбейіп жүрдік. Сол жердегі ағаларымыз ақынның туған елінен осыншама адам келгеніне риза болып жатыр. Нәсіп апамыз көзі тірісінде Жұмекен ағамыздың қасынан орын алып қойған екен, сонда жерленді. Енді сапар барысына келсек, алдымен Атырау қаласында болып Халық қаһарманы, қазақтың ержүрек ұшқыш қызы, жерлесіміз Хиуаз Доспанова апамыздың ескерткішінің ашылу салтанатына қатысасыздар. Содан кейін Маңғыстау облысында Шопан ата, Бекет ата басына барып, Ақтау қаласында демаласыздар. Көлікпен, тамақпен қамтуды, демалыстарыңыздың жақсы өтуін өзіміз ұйымдастырамыз. Билеттеріңізді алып қойдық. Сіздерге жеңіл болсын деп қастарыңызға орынбасарым Өркен Сержанұлын қосып отырмын, - деді.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Құмарғалиев, аудан әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаев, ардагерлер Ғаділхан Қалиев, Әнуарбек Ғұмаров, Сәуле Марданова және басқалары 15-20 қыркүйекте өтетін сапар барысы туралы ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, өздеріне жасалып жатырған қамқорлық үшін алғыстарын айтты.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521