Ақындар айтысы өз мәресіне жетті

Аудан тынысы
Қорытынды айтысқа қатысқан ақындар сахна төріне шақырылып, жүлделі орындар аталды.
Алдымен аудан әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаев Құрманғазы ауданының 90 жылдық мерейтойына орай төсбелгісін барлық қатысушы ақындардың өңірлеріне қадады. Атыраудан арнайы келген қонақ, Қазақстанның Құрметті журналисі, өлкетанушы, жерлесіміз Өтепберген Әлімгереев ауданның тарихы әріден басталатынын сөз етіп, жыр додасынан алған әсерімен бөлісіп, айтысқа өзінің жоғары бағасын берді. Қатысушы ақындарға Рахмет Иманғалиев, Қисым және Дүйсенғали Ғұмаров, Кәрім Қисамеденов, Өмірзақ Қажымғалиев атындағы арнайы жүлделер табысталды. Жүлделі ІІІ орын маңғыстаулық Абай Жолмағамбетов пен Құрманғазы ауданы атынан қатысушы Нұрбейбіт Нұғымановқа бұйырды. Оларға қазылар алқасының мүшесі Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Есмұхан Жанизин 150 000 теңгенің ақшалай сертификаты мен дипломын ұсынды. ІІ орынды Батыс Қазақстан облысының тумасы Талғат Мықи иеленді. Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Жұмақай Ғұмаров жүлдегерге 200 000 теңгенің сертификатын тапсырды. Ал І орынды атыраулық Шалқарбай Ізбасаров жеңіп алды. Жеңімпазды қазылар алқасының төрағасы, Қазақстан Журналистер, жазушылар одақтарының мүшесі Таңатар Дәрелов 300 000 теңгенің сертификатымен марапаттады. А.Шакупова