Мүмкіндіктері шектеулі болса да тұрғыластарынан қалмай спортпен шұғылдану қайсар жандардың өмірге деген құлшыныстарын көрсетеді. Әр параспортшының ерік-жігері, жаттықтырушыларының еселі еңбегі мен мемлекеттік қолдау жеке тұлғаның емес, бүкіл қоғамның жеңісі.
Атырау қаласында пара жеңіл атлетикадан жастар және ересектер арасында өткен облыс біріншілігіне қатысқан спортшыларымыз жақсы нәтижемен қуантты. Жарыс қорытындысымен 100 және 200 метрге жүгіруден Шыңғыс Ақылбекұлы екі қашықтықта да екінші орын иеленіп мерейі үстем болды. Республикалық жарыстардан жүлделі оралып жүрген Ақтоты Мұптахиева облыстық сайыста диск лақтырудан чемпион атанса, ядро итеруден жүлделі үшінші орынға орнықты. Екі спортшыда маусым айында Алматы қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алды. Ересектер арасында сынға түскен Ақтай Хайрлиев найза лақтырудан үздік үштікке ілікті. Спортшыларды жарысқа білікті жаттықтырушы Е.Жұмарыстанов дайындап апарды.
Айбек МЕЙІРМАН

