Қазақстан Республикасында ақпан-наурыз айларында Щучинск қаласында өткен 17 жасқа дейінгі оқушылар арасындағы шағын футболдан чемпионатта Атырау қаласының намысын қорғаған «МФК Атырау» құрамасы тартысты ойындар өткізді.
Команда сапында өнер көрсеткен жас спортшы Байжанов Қайнар Құрманғазы ауданы М. В. Ломоносов мектебінің 10-сынып оқушысы “Үздік ойыншы” танылып, «МФК Атырау» құрамасында өнер көрсетуде.

Республикалық турнирдегі ойын барысында ерекше белсенділік танытып, матчтың бірінші таймының 30-минутында маңызды гол соғып, кездесудегі есепті 4:4-ке теңестірді.

Турнир қорытындысы бойынша Атырау қаласының командасы 20 команданың арасынан 8-орынды иеленіп, лайықты нәтиже көрсетті. Аяқ добының ерекше қабілеті мен шеберлігін айқын көрсетіп, белсенділікпен көзге түскен Қайнар оқушымызға әр ойында сәттілік тілейміз! Бұл – жас спортшылардың табандылығы мен еңбегінің жемісі.
Жас футболшы оқушымызға алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз! Мектеп оқушыларымыздың жан-жаұты шығармашылығына қолдау білдіріп, мақтан етеміз!
Спорттағы әрбір жеңіс – болашақ үлкен жетістіктердің бастауы.

