Велотректен Азия чемпионаты: Қазақстан 3 медаль жеңіп алды

(0 Votes)

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның велотрек құрамасы Филиппиннің Тайгатай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы өнерін жалғастырып жатыр. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, жарыс аясында ұлттық құрама үш медаль еншіледі.

Әйелдер арасындағы жеке қуу жарысында Рината Сұлтанова қола жүлдеге ие болды.

Әлішер Жұмақанов ұпай бойынша топтық жарыста екінші нәтиже көрсетті.

Сондай-ақ Рамис Дінмұхаметов пен Илья Карабутов жүлдегерлер қатарынан көрінді. Спортшылар мэдисон сайысында күміс медаль жеңіп алды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Әнел Тәшбай мен Аружан Қабдулова тректегі велоспорттан Азия чемпионатында топ жарды. 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT