Теңіз ауылынан шыққан жас дзюдошы жүлдегер атанды

(0 Votes)

Доссор кентінде 23–24 сәуір күндері дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында XXII республикалық ашық турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.

Дәстүрлі дода республика және облыс көлеміне танымал ардагер спортшы Аманқос Қуанышұлы Өтеуовті еске алуға арналды. Ауқымды жарысқа еліміздің әр өңірінен келген 500-ге жуық жас спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Турнир барысында жас балуандар татами үстінде бар шеберліктерін паш етіп, көрермендерге тартысты да қызықты белдесулер сыйлады. Аталған жарыста Теңіз ауылынан шыққан Бөкейхан балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Харес Мухаммад сәтті өнер көрсетті. Ол 46 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Бұл – жас спортшының табандылығы мен жаттықтырушысы Айталиев Саламаттың нәтижелі еңбегінің айқын көрінісі.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік шыққан спортшылар арнайы марапаттарға ие болды. Мұндай ірі турнирлер жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттырып, болашақ чемпиондардың қалыптасуына зор ықпал ететіні сөзсіз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT