Құрманғазы ауданында спорт сүйер қауым үшін айтулы оқиға — еркін күрестен республикалық ашық турнир өтіп жатыр. Бұл дүбірлі дода аудан спортының дамуына өлшеусіз үлес қосқан, спорт ардагері Хамитов Орынбек Уапұлын еске алуға арналуда.
Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары К.Булеков сөз сөйлеп, елдің түкпір-түкпірінен келген жас палуандарға ақжарма тілегін білдіруде. Ол қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылып, әр спортшы үшін жарқын жеңістерге жол ашатынына сенім білдіріп отыр.

Қазіргі таңда бозкілемде тартысты белдесулер өтіп жатыр. Бұл дода — тек мықтыларды анықтайтын алаң ғана емес, сонымен қатар жас буынның рухын шыңдап, ұлттық спортқа деген құрметін арттыруға бағытталған маңызды шараға айналуда.
Жарыс әлі де жалғасуда. Барша қатысушыларға сәттілік, тартысты белдесулер мен жарақатсыз ойын тілейміз!

