Нұрдәулет Қазақстан чемпионы атанды

(0 Votes)

ФИНАЛ | 74 келі
Еркін күресі U23
ҚРЧ – 2026, Тараз қаласы

74 келі салмақ дәрежесінің ақтық белдесуінде Нұрдәулет Сейілбеков (Атырау обл) пен Егор Анчугин (Алматы қ) кілемге шықты.

Белдесу барысында Нұрдәулет Сейілбеков қарсыласының қимылын мұқият бақылап, тактикалық күрес жүргізді. Алғашқы ұпай қарсыластың сылбырлығы үшін берілсе, кейін атыраулық балуан қарсыласын екі мәрте кілем шетінен шығарды. Сөйтіп, қоржынына 2 ұпай салды. 

Осылайша, Атырау облысының балуаны таблодағы нәтижені 3:0-ге жеткізді.

Бұл белдесуде жеңіске жеткен Нұрдәулет Сейілбеков Қазақстан чемпионы атанды.

Құттықтаймыз! 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT