ДОССОРДАҒЫ ДОДА: ЖАС ДЗЮДОШЫНЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

(0 Votes)

23–24 сәуір күндері Атырау облысы, Доссор кентінде дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында ауқымды спорттық шара өтті.

Бұл жарыс республика және облысқа танымал ардагер спортшы Аманқос Қуанышұлы Өтеуовті еске алуға арналған XXII республикалық ашық турнир ретінде ұйымдастырылды.
Дәстүрлі турнирге еліміздің әр өңірінен келген 500-ге жуық жас спортшы қатысып, татами үстінде өзара мықтыны анықтады. Жарыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылардың дайындығы мен шеберлігі көрермендер тарапынан жоғары бағаланды.
Аталған додада Бөкейхан балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Таңатар Диас 50 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, үздік нәтиже көрсетті. Ол қарсыластарына лайықты қарсылық танытып, финалға дейін жетіп, нәтижесінде жүлделі ІІ орынды иеленді.
Жас спортшының бұл жетістігі – табандылық пен жүйелі еңбектің жемісі. Оның спорттағы алғашқы қадамынан бастап шыңдалуына үлес қосып келе жатқан жаттықтырушысы – тәжірибелі бапкер Мухитов Еркінбек.
Осындай жарыстар жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, болашақ чемпиондардың қалыптасуына үлкен мүмкіндік береді. Таңатар Диас сынды жас таланттардың жеңісі – ел спортының жарқын болашағының айқын көрінісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT