ЧЕМПИОН ТӘЖІРИБЕСІ – ЖАС СПОРТШЫЛАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТТІ

(0 Votes)

Нұржау ауылында жас спортшылар мен кездесу өтті. Белбеу күресінен Әлем чемпионы, дзюдо күресінен Қазақстан республикасының жүлдегері, дзюдо, қазақ күресінен спорт шебері Мұғалов Нұрмұхаммед Нұрланұлы ауылға арнайы келіп, жас палуандармен жүздесті.

Кездесу барысында тәжірибелі спортшы шеберлік сабағын өткізіп, күрестің қыр-сырын үйретті. Ол өз тәжірибесімен бөлісіп, спорттағы жетістікке жетудің басты кепілі – тынымсыз еңбек пен табандылық екенін атап өтті.

Сонымен қатар, жас спортшылардың дайындық деңгейіне жоғары баға беріп, олардың болашағынан зор үміт күтетінін жеткізді. Бұл кездесу жас палуандарға үлкен мотивация сыйлап, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыра түсті.

Осындай игі шаралар ауыл спортының дамуына оң ықпал етіп, болашақ чемпиондардың қалыптасуына жол ашады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT