Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының қолдауымен, Қоғамдық денсаулық сақтау институтының ұйымдастыруымен жүзеге асырылып жатқан «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясындағы «Спорт нашақорлыққа қарсы!» ұранымен өткізілетін «Аула чемпиондары – 2026» жобасы аясында 2026 жылғы 30 шілде күні сағат 18:00-де Нұрсая ықшам ауданы, 58 үйдің спорт алаңында жасөспірімдер арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар арқан тарту, ләңгі тебу, гір тасын көтеру және эстафеталық ойындар бойынша өзара бақ сынасып, ептілігі мен күш-жігерін көрсетті. Жарыстар жасөспірімдердің салауатты өмір салтын ұстануына, спортқа деген қызығушылығын арттыруға және бос уақытын тиімді өткізуіне бағытталды.
Сонымен қатар, балалардың көтеріңкі көңіл күйін қалыптастыру және мерекелік атмосфера сыйлау мақсатында аквагрим ұйымдастырылып, бүлдіршіндер ерекше әсерге бөленді.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар дипломдармен, медальдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

