Атыраулық волейболшылар республикалық чемпионатта топ жарды

(0 Votes)

Бүгін Ақтөбе қаласында өткен республикалық чемпионатта топ жарып, жеңімпаз атанған қыздардан құралған волейбол командасын жанкүйерлер мен жақындары Нұрсая спорт кешенінде салтанатты түрде қарсы алды.

– Біз бұл додаға жоспарлы әрі жүйелі түрде дайындалдық. Жаттығу барысында ойыншылардың физикалық және техникалық шеберлігін жетілдіруге ерекше мән бердік. Сонымен қатар олардың психологиялық тұрғыдан шыңдалуына да назар аударылды. Қыздар әр жаттығуда бар күшін салып, өз мүмкіндіктерін көрсетуге тырысты. Чемпионат өте тартысты өтті, қарсыластарымыздың бәрі мықты болды. Әр ойын біз үшін үлкен тәжірибе алаңы болды, – деді Команданың бас жаттықтырушысы Анастасия Щербакова.

img 5553

Ал команда капитаны Диана Рапағатова бұл жеңістің бірлік пен табандылықтың нәтижесі екенін жеткізді:

img 5560

– Бұл жеңіс – ұзақ дайындықтың және командадағы бірліктің нәтижесі. Әр ойынға жауапкершілікпен қарап, жаттықтырушылар берген тапсырмаларды орындауға тырыстық. Дайындық кезінде физикалық қана емес, психологиялық тұрғыдан да жұмыс істедік. Бізді қолдаған жанкүйерлерге рақмет. Алдағы жарыстарда да жақсы нәтиже көрсетуге күш саламыз, – деді команда капитаны.

Тоғжан Ермек

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT