Атырауда Олимпиадалық резервті даярлау орталығы жақын арада ел игілігіне беріледі

(0 Votes)

Нысанды биыл тамыз айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Мұнда тұрғындар кроссфит, дзюдо, таэквондо, еркін күрес және бокс секцияларына қатысып, спортпен жүйелі түрде шұғылдана алады.

Құрылыс жұмыстары былтыр 1 мамырында басталған. Жалпы ғимараттың аумағы – 1853,64 шаршы метр. Спорт зал заманауи талаптарға сай салынып, қажетті спорттық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мұнда жаттығу залдары, киім ауыстыратын бөлмелер, жуыну орындары, жаттықтырушылар кабинеті мен қосалқы техникалық бөлмелер қарастырылған. Қазір нысанды соңғы әрлеу және абаттандыру жұмыстары аяқталу кезеңінде.

Жобаның мердігер мекемесі – «Vek-Stroy-Com» ЖШС. Жаңа спорт залдарының ашылуы қала тұрғындары үшін бұқаралық спортты дамытуға, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және спортпен тұрақты айналысуына қолайлы жағдай жасайды. Сонымен қатар мұнда түрлі деңгейдегі жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарын өткізуге мүмкіндік болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT