Атырауда халықаралық «ШеберFEST – 2026» қолөнер фестивалі өтеді

(0 Votes)

22–23 мамыр күндері Атырау қаласында халықаралық «ШеберFEST – 2026» ұлттық қолөнер фестивалі ұйымдастырылады. Іс-шараға Қазақстан өңірлерімен қатар Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан 100-ге жуық қолөнер шебері қатысады.

Бұл фестиваль өңірде 2024 жылдан бері өткізіліп келеді, ал биыл алғаш рет халықаралық деңгейде ұйымдастырылмақ.

- Алғашқы екі фестиваль республикалық деңгейде өтсе, биыл халықаралық форматқа шығып отыр. Бұл қолөнерге деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Біздің мақсатымыз – шеберлерді қолдап қана қоймай, Атырауды мәдени және туристік орталық ретінде дамыту, — деді Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің басшысы Төлеген Орынбасарұлы.

Фестиваль аясында 4000-ға жуық авторлық бұйым көпшілік назарына ұсынылады. Олардың қатарында киіз өнері, зергерлік бұйымдар, ағаш ою, ұлттық аспаптар, керамика, тоқыма және этно-дизайн бағытындағы туындылар бар. 

Сонымен қатар бағдарламада шеберлік сабақтары, этно-дефиле, ұлттық ойындар, ұлттық тағамдар көрмесі қамтылып,  гала-концерт ұйымдастырылады. Шетелдік және отандық шеберлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, арнайы мастер-класстар өткізеді. Көрме-жәрмеңке барысында келушілер қолөнер бұйымдарын сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

Бұған қоса, аудан мәдениет күндері мен «ГастроFEST» жәрмеңкесі өтеді. Онда жергілікті кәсіпкерлер ұлттық тағам өнімдерін ұсынады. Мерекелік кештің арнайы қонағы – қазақстандық эстрада әншісі BAYANSULU.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT