8 – Наурыз – Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне орай қыздар арасында волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбыдан аудандық спартакиада өтті. Волейболдан 14 команда қатысып, тартысты ойында ІІІ орын Дыңғызыл ауылы, ІІ орын Жаңаталап ауылына бұйырса, І орынды Ақкөл ауылы жеңіп алды.

Ақкөл командасының ойыншысы Дана Скандарбекова «Үздік шабуылшы», Айгерім Жаманкулова «Үздік ойыншы», Жаңаталап командасының ойыншысы Дильназ Наурызбай «Үздік үйлестіруші», Дыңғызыл командасының ойыншысы Назира Қайратова «Үздік техникасы үшін» номинациясын иеленді.
Үстел теннисінен 8 спортшы қатысып, «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясына Бірлік ауылынан Гүлдана Жалелова қол жеткізсе, ІІІ орынды Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Галия Габдуллаева, ІІ орынды Құрманғазы агротехникалық колледжінің лаборанты Динара Амирова, І орынды М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Гаухар Утегенова иемденді.
Тоғызқұмалақ ойынында 10 спортшы өзара бақ сынасып, «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясын Бірлік ауылынан Анипа Какимова, ІІІ орынды Сафон ауылынан Әлия Қазиева, ІІ орынды аурухана қызметкері Сабина Темірхан, І орынды М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Қанағат Жумагалиева қанжығасына байлады.



Шахмат ойынында «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясын Көптоғай ауылынан Райхан Нухова, ІІІ орын Құрманғазы ауылы, кітапхана қызметкері Балжібек Қуанғалиева, ІІ орын кітапханашы Айжан Кереева, І орын Құрманғазы агротехникалық колледждің өндірістік оқыту шебері Мөлдір Құрашева иеленді.
Дойбы жарысында «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясын Құрманғазы агро-техникалық колледжінен Нұргүл Темиралиева қанағат тұтса, ІІІ орыннан Кудряшов ауылынан Айкен Габдулова, ІІ орыннан М.Әуезов жалпы орта мектебінен Қарлығаш Медеуғалиева, І орыннан Бегалиев жалпы орта мектебінен Назира Аманова көрінді.
Жалпы командалық есепте ІІІ орынды Құрманғазы агротехникалық колледжі місе тұтса, ІІ орынды Б.Бегалиев жалпы орта мектебі, І орынды М. Әуезов жалпы орта мектебі иемденді.
Айта кетейік, жарысқа жалпы 200-ден астам спортшы қыз-келіншек қатысты.
Өз тілшіміз

