Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы – шекаралас өңірлер арасындағы өзара байланысты нығайтатын маңызды алаң.
Мұндай кездесулер сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға, жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруге мүмкіндік береді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл форумға қатысуы екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп сенемін. Әсіресе, шекаралас өңірлер үшін мұндай кездесулердің маңызы зор.
Зоя ТЕМІРТАСҚЫЗЫ,
Еңбек ардагері

