Заң мен тәртіп – тұрақтылық кепілі: Атырау қаласының жұмыскерлер қауымы жаңа Конституция жобасын қолдады

(0 Votes)

Атырау қаласында Жалпыұлттық коалиция мүшелері «ҚазТурбоРемонт» сервис орталығының ұжымымен кездесті. Диалог кәсіпорынның өндірістік алаңында өтті.

Қызмет көрсету орталығы Атырау облысының мұнай-газ, энергетика, химия және тау-кен салаларындағы нысандар үшін толық жұмыс циклін орындайды. Мұндай қызмет жоғары жауапкершілікті, күрделі жабдықпен жұмыс істеуді және халықаралық сапа мен қауіпсіздік стандарттарын қатаң сақтауды талап етеді. Сондықтан кәсіпорынның тұрақты жұмысы үшін жаңа Конституция жобасында бекітілген заң үстемдігі, еңбексүйгіштік, прогресс пен білім құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру ерекше маңызды.

Кездесу барысында жаңа Конституция жобасы тек еңбек ету құқығы мен әділ еңбекақыны ғана емес, сонымен қатар мемлекет азаматтарға қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету міндетін де бекітетіндігі ерекше атап өтілді. Инженерлік-техникалық қызметкерлер мен өндіріс мамандары үшін ғылым, білім және инновацияларды дамыту жөніндегі ережелер ерекше қызығушылық тудырды. Себебі, білікті инженер кадрларды даярлау отандық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін айқындайды.

Әңгіме барысында кәсіпорын қызметкерлері еңбек жағдайлары, отбасыларды қолдау және өнеркәсіптік экологияны дамыту мәселелеріне қатысты бірқатар сұрақ қойды. Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысы айтқандай, Ата заң адамға бағдарланғандығын, онда адам өмірі мен қадір-қасиеті, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздіктің басымдығы принциптерінің бекітілуі Атырау өңірінің тұрғындарының талаптарына сай келетінін атап өтті.

Кәсіпорын қызметкерлері Конституцияда Заң мен тәртіп принципінің бекітілуін ерекше қолдады. Олардың пікірінше, ереженің баршаға азаматтарға да, бизнеске де, билікке де бірдей екенін түсіну өндірістік ұжым үшін маңызды. Бұл тұрақтылық пен ертеңгі күнге сенімділік сезімін тудырады. Әсіресе, жауапкершілік пен тәртіпке үлкен мән беретін өнеркәсіптік өңір үшін бұл өзекті деді ұжым мүшелері.

Кездесу қорытындысы бойынша жұмыскерлер 15 наурызда референдумға қатысуға және жаңа Конституцияны қолдауға дайын екендерін білдіріп, ұсынылған өзгерістер олардың кәсіби сұраныстарына сай келетінін айтты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Референдум 2026

Референдум 2026